«Семей еткомбинаты» ЖШС

Қазақстанның кейбір аудандары мен Батыс Сібірдегі мал шарушылығының қарқынды дамуына,ет өндіру кәсіпорнының қажеттілігіне байланысты еліміздің еткомбинаттарының ішіндегі ең ірі еткомбинаты үш-ақ жылдың ішінде салынып бітті. Одан бері ондаған жылдар өтті. 2009 жылдың 5 қарашасында Семей еткомбинатының іске қосылғанына 75 жыл болды.

Қазіргі күні жаңа жабдықтарды енгізумен, технология үдерістерінің автоматтандырылуына және жұмыс орындарын ұйымдастырудың жетілдірілуіне байланысты кәсіпорынның техникалық деңгейі көтерілді. Өндірістік цехтар қайта құрылып, шұжықтарды қамдау, буып-түю үшін әлемдік көшбасшылар шығарған жаңа жабдықтар орнатылды.

ЦехӨнім шығару үшін Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан шаруашылығында өсірілген тірі мал сатып алынады. «Семей еткомбинаты» ЖШС шығарған өнімдер еткомбинаттың меншік зертханасында технологиялық үдерістің басынан, яғни, шикізат әкелінген кезден, одан өңдеу, өндіру және сатуға дейін сараптамадан өтеді. Өндіріс зертханасының жұмысы – кәсіпорын өнімі сапасының кепілі.

Жоғары білікті, кәсіби мамандар ет өнімдерін өндіруде мемлекеттік стандартқа сай санитарлық ережелердің орындалуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын «Семей еткомбинатының» дәстүрлі рецептерін сақтап және оларды пайдалануда. Бүгінгі күні «Семей еткомбинаты» ЖШС МС ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сай сапа менеджменті бойынша сертификатталды. Берілген СТ РК ИСО 22000:2005 сәйкестендіру сертификаты дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің кепілдігі.

Комбинат«Семей еткомбинаты» ЖШС 200 жуық ет өнімі атауларының алуан түрімен және дәмділік қасиетімен ерекшеленеді. Бұл ет, ішек-қарын, жоғары сапалы шұжық өнімдері, деликатестер, сүрлер, ет консервілері, құрғақ мал азығы.

Қалыптанған өндіріс айналымы, барлық бөлімшелердің үйлестірілген жұмысы, нарық үрдісін ескерген ұзақ мерзімді жоспар - осының бәрі Семей еткомбинаты өнімдерін отандық және шетел рыногына абыроймен шығару үшін бағытталған.

Бүгін біз келешекке зор сеніммен қараймыз. Алдымызға табысқа жеткізер жоспар құрып отырмыз: өнім сату көлемін көбейту, еңбек тиімділігін көтеру, жаңа қуат енгізу, ассортиментті кеңейту, жаңа аймақтар қамту, жаңа фирмалық дүкендер ашу.

«Семей еткомбинаты» ЖШС өнім атауларын көбейту және сапа, сенім, қол жеткізу сияқты қағидаларды орындау арқылы нарық талаптарына сай жұмыс істеу үшін алдына бас стратегиялық мақсат қойып отыр.