Кәсіпорын туралы

Отыз ұлттың өкілі еңбек ететін ұжымның еңбек жолы – үнемі техникалық жетілдіру және кәсіби шеберлік жолы.

Зор құрылыс күндері

1929 жылғы 29 желтоқсанда КСР Одағы Халық Комиссарлар Кеңесі және Орталық Комитет Қаулысы: «КСР Одағы Халық Комиссариаты Кеңесі дайындаған 1931-1933 жж. 57 жаңа ет өндіру комбинатын салу жоспарын бекіту».

Сонымен, 1931 жылы Ертіс өзенінің сол жағалауында, Семей қаласының жанынан еткомбинаты құрылысы басталды. Келешекте бұл еткомбинаты еліміздің ет индустриясында Мәскеу және Ленинград еткомбинаттарынан кейінгі орында болады.

1934 жылғы 15 қыркүйекте еткомбинатын іске қосу рәсіміне Коммунистік партияның қайраткері БКП ОК хатшысы С.М.Киров қатысты.

Соғыс уақыты

Ұлы Отан соғысы кезінде ер адамдар майданға аттанды. Қиын кезеңнің ауыртпашылығы еркектерін майданға шығарып салған әйелдер мен жасөспірім балаларға түсті. Цех жұмыстары тоқтатылмады. Жұмысшы әйелдер алдына үлкен талап қойылды: өндіріс қарқынын төмендетпеу. Майданға ет, консерві, шұжық жіберіліп, медициналық препараттар үзбей шығарылып отырылды. Әр еңбекші өз еркімен тапқан еңбегін әскери техника жасауға аударып отырды.

Қызыл Әскер мен Әскери Теңіз флотын азық-түлікпен қамтамасыз қажымас еңбегі және алдына қойған Үкімет тапсырмасын орындағаны үшін жұмысшы әйелдер Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісімен», «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек озаты» төс белгісімен марапатталды.

1944 жылғы 24 қаңтарда М.И.Калинин атындағы Семей еткомбинаты «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталғаны туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Қаулысы шықты.

Комбинат ұжымы бірнеше рет Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы болды. 1944 жылдың қорытындысы бойынша комбинатқа мәңгілік сақтауға Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Қызыл Туы берілді.

Жаңа тарих

2003 жылы «Семей еткомбинаты» деген Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік құрылды. «Мұнда ет өнімдерін шығару және өңдеу бойынша жаңа технологиялық жүйе, яғни, құны 215 млн теңге тұратын «Шаллер» Австрия фирмасының қазіргі заманғы жабдығы орнатылды. Бұл жабдықтың ерекшелігі – автоматты сенсорлы жұмыс істейді, өте оңай пайдаланылады, дайын өнім мен шикізатты сапалы өңдейді, жылдам, жоғары өнімді», - дейді комбинаттың бас инженері И.К.Искаков. Сонымен қатар бұл жаңа технологиялармен комбинат әлі де биіктерге жетпек.

Қазіргі күні «Семей еткомбинаты» ЖШС мал өңдеуде, ет, шұжық және консерві өнімдерін шығарудағы арнайы кәсіпорын болып саналады. Комбинаттың өндіріс алаңында қолайлы көлік және темір жолдары бар. Шикізат дайындайтын жерлерге көліктің тура жетуі шығынды аз жұмсауға мүмкіндік жасап отыр. Бір ауысымда 35 мың ет консерві өнімін, ал шұжық, тартылған ет, тұшпараны 10 тоннаға дейін шығарады. Бір тәулікте 24 тоннаға дейін өнім шығарып, сатуға мүмкіншілік бар.

Мясокомбинат г. Семей Мясокомбинат г. Семей Мясокомбинат г. Семей Мясокомбинат г. Семей
Мясокомбинат г. Семей Мясокомбинат г. Семей  Мясокомбинат г. Семей  Мясокомбинат г. Семей
Мясокомбинат г. Семей
Мясокомбинат г. Семей