Жаңалық

«Сапа бақылауда» Семей ет комбинаты жеңімпазы

Шығыс Қазақстан облысындағы бірінші «Халал» шұжық цехы.

  Тамыз айында «Семей еткомбинаты» ЖШС «Халал» өнімін шығаруға және сатуға сертификат алды. Бұл өндіріс үшін соятын және шұжық өнімдерін өндіретін жаңа цех ашылды. Бұған дейін «Халал» өнімдері Шығыс Қазақстанға басқа аймақтардан әкелінетін.

  «Біріңші кезеңде кәсіпорын бір ауысымда 300 килограмм шұжық өндіреді. Келешекте біз бұл көлемді асырып, шұжық өнімдерінің түрлерін көбейтеміз», - дейді комбинат директоры Бекболат Жамангаринов. Сонымен қатар, бұл өнімдер исламның барлық ережесіне және сапа талабына сай екенін атап өтті.

  «Семей еткомбинаты» ЖШС өнімдерін фирмалық дүкендерден сатып алыңыздар! Пісірілген шұжықтар: «Говяжья», «Кочевница», «Докторская», «Восточная». Шала сүрленген: «Сервелат Восточный», «Пикантная из мяса птицы», «Говяжья зернистая», «Конская Халал».